Астраханьда полицейлерді атып өлтірді деген сақалды қазақтарға іздеу жарияланды

Қаскөйлер «Газель» автокөлігімен қашып кеткен. Тергеу комитетінің мәліметінше, құқық қорғаушылар қазір осынау қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 6 адамды іздестіріп жатыр. Негізгі күдікті - 1990 жылы туған Нұрбол Саспанов. Ол Астрахань облысы Степной ауылының тумасы. Оның сыбайластары - Әлібек Ғизатов (1990 ж.т.), Закир Тажиков (1992 ж.т.), Рамазан Кукулаев (1996 ж.т.), Қадырбай Маймашев (1979 ж.т.), Ильяс Магомедов (1990 ж.т.) және Ахмед Магомедов (1986 ж.т.).

Бүгін тәртіп сақшылары күдіктілер мінген «Газель» микроавтобусын Три Потока ауылының маңынан тапқан. Көліктің мемлекеттік нөмірі Дағыстанға тиесілі.