Астронавт Нил Армстронг Айдың бетінен әкелген топырақ 1,8 млн долларға сатылды


Американдық астронавт Нил Армстронг пен оның қасында серіктес болып ұшқан Базз Олдрин екеуі осыдан 48 жыл бұрын Ай ғаламшарына қонып, бөгде планетада 2 сағат 21 минут өткізген еді. деп хабарлайды 24.kz.

Сол кезде Армстронгтың Айдан өзімен бірге алып қайтқан тас аралас топырақ үлгісі атақты Sotheby’s аукционында сатылды. Жалпы бұл топырақтың шым-шытырық хикаясы бар. Осы үлгі салынған сөмкені 2015 жылы Нэнси Карлсон атты чикаголық адвокат Техаста өткізілген аукционнан 995 долларға сатып алады. Кейіннен ол ішіне қарапайым құм мен тас толтырылған сөмкені NASA агенттігіне апарып береді. Ал агенттік сөмкедегі топырақ пен тастың Ай бетінен алынғанын және оның мемлекет меншігі екенін айтып, қателік кесірінен аукционда сатылып кеткенін алға тартады. Бірақ Карлсон ол сөмкенің өзінің жеке меншігі екенін сот арқылы дәлелдеп, олжасын аукцион арқылы сатты. Айта кету керек, адвокат әйел өзге ғаламшардан жеткен жәдігердің бағасын бастапқыда 4 млн долларға бағалапты.