"Астыларыңды таза ұстаңдар!" Психолог қыздардың шамына тиді (видео)

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Интимдік қарым-қатынас туралы айтқан келіншек қытай қазағы болуы мүмкін. 

Желіде пайда болған бейнежазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Онда психолог ер мен әйелдің төсектегі қарым-қатынасында ең бірінші тазалық басты орын алатынын айтады.

"Талай әйел "күйеуім сырттан көңілдес тауып алды" деп маған хабарласып жатады. Әр әйел күйеуін төсек қатынасында разы қылып тұруы керек. Тамағы тоқ, көңілі тоқ еркек қайда кетеді? Көп әйел төсектегі жұмысты тек еркекке ғана тән құбылыс деп ойлайды. Өзіміз салақ боп, сасып жүрсек ондай әйелге кім жолайды?! Сондықтан "астыларыңды" жақсы ұстаңдар", — деді психолог.

Алайда келіншектің бұл әңгімесі нәзік жандылардың көбіне жақпай қалды. Десе де ер азаматтар оның пікірін қостап түрлі жазба қалдырған.

"Өз байыңды қарық қылсаң болды, басқада жұмысың қанша?! Өмір көрген жалғыз сен емессің", "Мына жері дегені қызық болды. Саусағымен шұқып тұрып", "Ақыл айтуын-ай, өзіңнің байың бар ма, неше жыл болды үйленгендеріңе?" — деп жазды желі қолданушылары.


Кеңес берген келіншектің аты-жөні кім екені, қай жақта тұратыны әзірге белгісіз. Желі қолданушылары оның танымал психолог екенін, Қытайда тұратынын айтады.