«Астындағысы бәйбіше, үстіндегі «найман» қыз: Төрт әйел, бес баласымен тату-тәтті өмір сүріп жатқан ер адам желіні шулатты

Ел алдында әр әйелін жеке-жеке таныстырған ер адам жігіттерге жағдайға қарамай, ертерек үйленуге кеңес берген.

«Жігіттер, әлі сендер біреуін ала алмай жүрсіңдер, бауырларым айналайын. Екінші алған келіншегім өзбек. Анау астында жатқан ең бірінші алған бәйбішем. Оны 2011 жылы алдым. Үстіндегі «найман қыз» оны да қаңғырып жүрген жерінен алдым. Одан мына сары бала. Одан кейінгісі міне мынау, шүкір Аллаға. Бес баламыз бар, үлкен қыз, кіші қыз, екі бала. Жағдайға қарамаңдар, жағдай ең маңыздысы емес. Міне біздің жағдай қарапайым», - дейді ер адам.

Желі қолданушылары ер адамның бұл қылығын жаппай сынап тастаған. Олар:

«О заманда, бұ заман, не болды мына қазақтың еркектеріне? Қос-қос тоқалымен мақтанып? Айтуға сөз қалған жоқ», «Бір әйелге ие болып алмай ма?», «Мүмкін өкшеңді жуып беру үшін, тағы бір әйел аларсың?» деп жазды олар.


Loading...