Астық форумы барысында 1 млн тонна Қазақстан бидайын сатып алу жөнінде келісім-шартына қол қойылды

"Негізгі сатып алушы компаниялар Мысыр, Ресей, және Украина елдерінен", -деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан ертерек хабарланғанындай, Екінші Қазақстандық астық форумы кеше 29 қарашада басталды. Оның жұмысына 280 аса адам қатысып, 70 компания өкілдерінің басым бөлігі Еуропа, Араб әлемі, ТМД, Орталық Азия сияқты 30 мемлекеттен шақырылған.

Сондай-ақ, форум жұмысына ТМД елдерінің ауылшаруашылық министрлігінің өкілдері; астық саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар; трейдерлер, агрохолдингтің жетекшілер мен мамандары, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өндіріс орындарының мамандары, сондай-ақ, банк, инвестициялық, консалтингтік және сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.

Былтыр, Бірінші Қазақстандық астық форумын өткізу барысында 1,2 млн тонна бидайды экспорттау жөнінде 70 аса келісім-шартына қол қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті