Астық түсімі 2008 жылы 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде - Ауылшаруашылығы министрлігі

"Егер маусымда ылғал қалыпты нормада түссе, тиісінше, вегетациялық кезеңде түрлі аурулар мен зиянкестер залал келтірмесе, астық түсімі биыл 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде ", - деді А. Буць.

Оның айтуынша, "болжам бойынша, негізгі астықты аймақтарда күз-көктемгі ылғал қорына қарай және көктемгі жаңбырларға қарай түсім кейінгі 4-5 жылдық орташаның деңгейінде болады деп күтуге болады".

"Оңтүстік және шығыс өңірлерде қуаңшылық болса, солтүстік және батыс өңірлерде ағымдағы маусымда жайлы болмақ", - деді А. Буць.