Астыртын цехта дайындалған 100 мың бөтелке арақ табылды


Құрамын тексерген мамандар да арақ сапасының өте төмен екенін айтып отыр. Құрамындағы спирті белгіленген стандарттан әлдеқайда аз болған. Оның үстіне санитарлық талап сақталмаған жерде дайындалса керек. Сондықтан тұтынуға қауіпті екен. Ал қоймаға тексеріп дер кезінде келіпті. 100 мың шөлмек арақ әні-міне қала дүкендеріне таратылғалы жатқан. Енді заңсыз тауардың көзі жойылып, цех иелері қылмыстық жауапқа тартылатын болады.