Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы бәсекесінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді. Ол оны мерзімінен бұрын – екінші раундта submission арқылы жеңді.


Бұл – Алмабаевтың кәсіби карьерасындағы 18-жеңісі және UFC-дегі сәтті дебюті.