"Асығыстықпен айтқан үндеуім еді": Имам наразылық кезінде айтқан сөзінен енді тайқып шықты (ВИДЕО)

Бұл туралы ол өзі айтқан видеосында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен, Қабылбек Жұбай Әліпбайұлы. 2022 жылы 4 қаңтар күні елімізде орын алған оқиғаға байланысты айтқан видеоүндеуіме қатысты төмендегідей баяндағым келеді: Біріншіден, өзім елде болмауыма байланысты, яғни кіші қажылықта іссапарда жүргенімде, халықтың көшеге шығып, еліміздің ахуалына қатысты үндеулерін көрдім. Алайда соңына дейін қарай алмадым сол себепті асығыстықпен айтқан бұл видеоүндеуімді таратпауларыңызды сұраймын. Екіншіден, сол кезде айтқан менің видеоүндеуімді үшінші тарап, кейбір пиғылы бұзық кісілер әлі де жамағат арасында таратып, дін адамын жаман кейіпте көрсеткісі келеді. Сол үшін түсіністікпен қарайлауларыңызды сұраймын. Үшіншіден, мемлекеттегі кез келген жағдайға байланысты тек құзырлы мекеме өкілдері ғана белгілі баға беріп, ресми пікір беру керек деген ұстанымдамын. Ал дін қызметкерлері өзіне ғана қатысты міндеттемелерін атқаруы тиіс деп санаймын. Қорыта айтқанда, 4 қаңтар күні жазған видеоүндеуім үшін сіздердің алдарыңызда кешірім сұраймын. Сонымен қатар, баршаңызды түрлі фейк ақпараттардан сақ болуға шақырамын!", - деді имам Қабылбек Әліпбайұлы.

Видеоның толық нұсқасы осы сілтемеде: 
https://www.facebook.com/100001133972852/videos/310451101099105/?