Асыл текті аркадагтың ұлы Сердар 12 наурызда Түркіменстанның басшысы болмақ

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Жүрегі нәзік Сердекеңнің басқаруына қатысты бірер сөз:

- Сердекең Ахал уәләятының басшысы болған, әкімі бізше айтқанда. Уәләят орталығы Аннау қаласында. Содан әкім болып жүрген кезінде мынандай ереже орнатыпты. Ол жұмысқа президенттік кортеждің копиясымен келеді, сосын жұмыс орнында болған кезде қызметкерлердің бірде біреуі шуламауы тиіс. Оның кабинетіне тек қана таңдаулы адамдардың кіруіне рұқсат етілген. Телефон ұстауға, шулауға тыйым салынған. Ал Сердекеңнің ең сүйікті сөзі, "Мойныңды бұрап, жұлып аламын" болған екен.

- Cердекең біраз жыл Женевада тұрған. Бірақ ол жақта тыныш, үндемей жүріпті. Тура Еуропада тұрған Ким Чен Ын сияқты. Енді түркімен халқына "бақытты кезең" бастайтын сияқты.

Түркімен халқы жас аркадагты көріп, кәрі аркадагты "арысым, бізді кімге тастадың" деп жылап, еске алатынын ішім сезіп тұр)

Сердар Гурбангулыевич Бердымухамедов туралы қысқаша мәлімет: (түрк. Serdar Berdimuhamedov; 22.09.1981 жылы туған, Ашхабад, Түркімен КСР, КСРО) — Түркіменстанның мемлекет қайраткері. Түркіменстанның екінші президенті Г.М. Бердімұхамедовтың ұлы.

2001 жылы Түркіменстан ауылшаруашылық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы екінші жоғары білім беру бағдарламасы бойынша Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдады. 2013 жылы Женева қауіпсіздік саясаты орталығын еуропалық және халықаралық қауіпсіздік мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылдың тамыз айынан бастап – техника ғылымдарының кандидаты (ғылыми жетекшісі – Қ. А. Мезилов). 2015 жылдың шілдесінен – техника ғылымдарының докторы (ғылыми жетекшісі – Қ. А. Мезилов).

Түркіменстан президентінің ұлы президенттікке отыруға мүмкіндік беретін жасқа келді. Ал, жоғары заң шығарушы орган мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында бас қосуда. Елде билікті «мұрагерге» беру келе ме?


ГЕРМИТ ПАТШАЛЫҒЫНДАҒЫ «ҮЛКЕН ЖАҢАЛЫҚ»?

Осы айда Түркіменстанды алда бірнеше маңызды оқиғалар күтіп тұр және олар бірігіп осы «ермит патшалығы» үшін үлкен жаңалықтардың көзі бола алады.

Сердар Бердімұхамедов соңғы кездері мемлекеттік теледидарда жиі болды: спортшылар мен өнер адамдарына марапаттар тапсыру, балалармен сөйлесу үшін мектептерге бару. Бір кездері мемлекеттік БАҚ-та тек Сердардың әкесі туралы жаңалықтар басым болса, соңғы кездері ұлы бірінші орынға шыққан сыңайлы. Президенттің денсаулығы нашарлап барады деген тұрақты қауесеттерге негізделген.