«Асымызды ішіп, бетке түкіріп отыр»: Концерт ұйымдастырушыларын сынаған атышулы Земфира елден оңбай сөз естіді

Атышулы әншінің бұл сөзі қазақстандықтардың ашуына тиді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әншінің ән кешіне қатысты ойын белгілі журналист Ерқанат Көпжасар да білдірді.

«Ресейлік әнші Земфира біздің елде концерт берген екен. Сүйтіп ән кешінен кейін ол парақшасына біздікілер шығармашылық ұжымды күтіп ала алмады, ұйымдастыру төмен деңгейде деп, тіпті Қазақстанымыздың атын кіші әріппен жазыпты. Әйтсе де ұйымдастырушылар керісінше земфираның ұжымы өздерін сахна сыртында қалай ұстағанын дәлелмен ашық көрсеткен. Видеода көргендеріңіздер долы жоңыздың өзі ішкен-жеген жерін бүйтін ластамас.
Асыңды ішіп астауыңды теуіп кете береді, Алаш баласы. Осы құлдықтан арылар кез келді ғой», - деп жазды ол.

Көпшілік тележүргізушіні жаппай қолдаған. Олар:


«Дұрыс айтасыз, кім шақырады осыларды?», «Шаңыраққа қарап, тыныш келіп, тыныш кетпей ме?», «Асымызды ішіп, бетке түкіріп отыр» деп жазды олар.