Бұл туралы ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Таңдауың міндет десе Исламды таңдаймын, болды. Негізі, бізден ешкім “мұсылман боласың ба, болмайсың ба” деп ешкім сұраған жоқ. Ата-бабамыз мұсылман болғасын, біз де мұсылман болып кеттік. Ешкім дінін зерттеген жоқ, ешкім кәлимасын әлі айтпаған да шығар. “Әкем мұсылман, енем мұсылман, мен де мұсылманмын” деп отырамыз. Кәлиманы өзі оқыған баланы көрдіңіз ба? Құранды өзі ашып оқыған баланы көрдіңіз ба? “Ата-бабам мұсылман, мен де мұсылманмын” деп отыра береміз. Қазір кәлима айтпағандар да көп, бірақ “мұсылманмын” дейтіндер бар”, - деді рухани жетекші.
Сондай-ақ, ол бұрын орамалда болып, кейін шешіп тастағанын айтты.
”2021-де құрбыммен бірге Меккеге барып, орамал тақтым. 3 айдан кейін оны шешіп тастадым. Сол жерде орамалды киіп, Меккеден шешпей келдім. Әкем де, анам да “өзің көр” деді. Сүйтіп оны 3 айдан кейін шештім. Маған тар болды. Меккеде бәрі киеді, ол жерде ол білінбейді”, - деді Арай Серікқызы.