Ата-ана қамқорынсыз қалған бүлдіршіндерге арналған сайыс өтті

Көңілді бастама! Бұл аты затына сай, аз да болса бүлдіршіндер көңілінен шыға білген ерекше жарыстардың бірі. Әрбір жетім баланың тілекі ескеріліп, айтқаны орындалар сәт. Содан болса керек, биыл Тұңғыш Президент қорының бастауымен өткізілген шараға қатысушылар да көп.

Ал бұл Жамбыл облысынан бүгінгі сайысқа алғаш рет келіп отырған «Жаңа буын» командасы. Бұндай үлкен жарысқа қадам басуы былай тұрсын Алматыдай алып шаһарға бірінші рет жолдыры түскен. Сондықтан әрбірінің бойында үреймен қоса қуаныш та бар.

Нина Петряева, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Бізде әр бала әр сайысқа дайындалды.

Айжан Мейірханова, Жамбыл облысы «Савва» балалар үйінің директоры:

- Балалардың көңіл-күйілері өте жақсы, көтеріңкі. Негізі балалар осы жарысқа қатысамыз деп ынталанып отыр.

Ата-анасының мейірімінсіз қалған бүлдіршіндер бір сергіп қалды. Өзара сырласты, көрді, таңданды. Ортаға сіңісіп кеткендері сонша, көптен күткен спорттық жарыстарының қалай басталып кеткенін де байқамай қалыпты. Десе де, қордың демеуімен ұйымдастырылған шараны бүлдіршіндер үлкен жауапкершілік деп түсінеді. Сондықтан 52 қатысушының барлығы дайындықтарын пысықтап, үздік атануға тырысып бақты. 

Осылайша тер төгіп, команда намысын қорғағандарды арнайы қазылар алқасы бағалады. Арасында олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. Сынақтары дәл үлкен спорт алаңындағыдай. Әр артық қадам, әр қателік үшін ұпай азайып отырды. Екі күнге жалғасқан сайыс барысында ақыры жеңімпаз да анықталды.


Эдем Павловский, жарыс жеңімпаздары:

- Қиын болды кішкене жеңуге. Біздің қарсыласымыз да мықты болды өйткені. Тырыстық, сонымен жеңдік.

Осылайша екі күндік сайыстың жеңімпазы – Алматы. Екінші орын Жамбыл облысынан келген қонақ балаларға бұйырыпты. Ал Алматы облысы үшінші орынды қанағат етті. Үздіктерге арнайы марапат қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Тұңғыш Президент қоры осындай көңіл-күй сыйлайтын қайырылымдылық акциясының аудиториясын келер жылы кеңейтуді жоспарлап отыр.