Сағынғали Елкеев, Алматы қаласының тұрғыны:
-Мектептің жөндеуіне, кітапқа сұрайды. Мұғалімдерге сұрайды. Классқа пластикалық терезе қою үшін ақша жинадық.
Сағынғали – мектептің сансыз «салығынан» мезі болған ата-аналардың бірі. Оның ұлы Алматыдағы №123 орта мектептің оқушысы екен. Айтуынша, сыныбының бөлмесінің тозығы шыққан есік-терезесі, тіпті, күзетіне дейін ата-аналар ақша төлеуге мәжбүр. «Тек Сағынғали ғана емес,150 нөмірлі сенім телефонына қоңырау соққан 500-ге жуық ата-ана да осы мағынада шағымданды» дейді қоғам белсенділері. Айлығы шайлығына әрең жетіп отырған жұрт білім ордаларының бітпейтін «жиын-терімінен» әбден шаршағанын айтқан. Сенім телефоны қараша айының соңына дейін шағымдарды қабылдайды. Ал ондағы мектеп директорларын әшкерелейтін материалдар тікелей Білім және ғылым министрінің өзіне жолданбақ.