Ата-аналар мен дәрігерлер балаларға дәріні тым көп береді екен

"Бала жөтелсе, түшкірсе болды, "Виферон" сияқты препарат қолданылады. Ол нан мен су сияқты болып қалды. Олай етуге болмайды", деді ол Алматыда сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.

""Виферон" тамаша дәрі, бірақ оны ауру қатты асқынған жағдайда ғана қолдану керек", - деді ол.

Сонымен қатар ол балаларға қызуды басу үшін құрамында аспирин бар препараттарды беруге болмайтындығын атап өтті.

"Құрамында аспирин жоқ дәрілерді пайдалану керек. Әйтпесе бала стационарға ауыр халде түсуі ықтимал, өліп те кетуі мүмкін", - деді ол.


"Витамин ретінде аскорбин қышқылын пайдалануға болады", - деді ол.