Ата-аналар қоғамының өкілі "арнайы қызмет" деген атау арқылы нақты ҰҚК, ІІМ, айрықша мақсаттағы полиция отряды, арнаулы шұғыл әрекет ету отряды және басқа да күш құрылымдарының қызметкерлері жайлы айтпағанын хабарлады

Агенттіктің "ҰБТ алдында арнайы қызметтер оқушыларды жалаң қолмен тексерді" деген ақпаратында М. Гурина емтиханның алдында балаларды аудиторияларға өткізіп отырған күзет тексеру жұмыстарын заң бұза отырып жүргізгенін хабарлаған. Яғни, жекелеген жағдайларда оқушыларды қолмен, металл іздегіш құралдардың көмегінсіз тексерген. Бұл ретте тексерушілердің қандай да бір ведомствоға қарайтынын жеке азамат ретінде анықтай алмайды. Сол себепті де "арнайы қызмет" терминін қолданған.