"Ата-анамды қорқыта бастады": Сәукелемен жалаңаш түскен ару қоқан-лоққыдан шаршағанын айтып жылап жіберді

Атышулы ару жылап түскен видеосын жүктеп, жазба қалдырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бір ай үндемедім. Бірақ маған көрсетіліп жатқан қоқан-лоққы шектен шығып барады. Өзіме де, ата-анама да қоқан-лоққы көрсетілуде. Тіпті менің қайда тұратынымды біліп алған. Қазір мен қатты қорқамын. Менің соңымнан аңдып, мені суретке де түсіріп алған. Мен не үшін кешірім сұрауым керек?" - дейді ару.

Бірақ көпшілік жылаған арудың видеосын да хайпқа балап, оны жерден алып, жерге салды.