Ата-анасымен бірге наразылық білдірген балаларды полиция ұстап әкетті


«Тарт қолыңды» , Тиіспе...

Алайда, наразы топты журналистер емес, полицейлер күтіп алды. Тәртіп сақшылары олардың айғайына да қарамастан күштеп автобусқа мінгізіп, бөлімшеге алып кетті. Айта өтейік, «Махаббат» тұрғынүй кешеніндегі дау 5 жылдан бері жалғасып келеді. Үлескерлер 49 пәтерді жалға алу туралы келісім-шартқа отырып, кешен иесіне ақша төлеп келген. Кейін мердігер компанияның бұл баспаналарды басқаларға саудалағаны анықталды. Ал жаңа қожайын болса жұрттан пәтерлерді босатуды талап етуде. Сот та тұрғындардың келісім-шарттарын «жарамсыз» деп тапты. Бірақ маңдай тер ақыларына алған баспаналарын үлескерлер оңайшылықпен босатпақ емес.