Бұл туралы Диана Қырықбайдың өзі TIKTOK парақшасында жүктеген видеосында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Тележүргізушінің айтуынша, оның директорына жас келін SMS жазған көрінеді.
"Қазір осы тақырыпты тоқтатып, кешірім сұрасын болмаса мен сотқа беремін. Енемнің алында ешкім ондай сөз айтпайды және айтқызбаймын. Заң бәріне ортақ, атақты болса өзі үшін. Отбасыма сөз тигізіп отырғаны үшін жауап береді", - делінген SMSхабарламада.
Алайда тележүргізуші Диана Қырықбай кешірім сұраудан бас тартты.
"Ата-енесінің, қайын інілерінің іш киімін жуатын келін жайлы видео жүктеген едім. Көптеген сайттар менің сөздерімді төңкеріп, өздерінің аттарынан неше түрлі сөздер қосып, жаңалық қылып салып қойыпты. "Диана надан енелер жайлы былай" деген сияқты дұрыс жазбаған. Әрине келінді бұл ренжітеді. Ол одан кейін директорыма видеоны өшірсін депті. Мен не үшін кешірім сұрауым керек? Ол ата-ененің іш киімін жууды насихаттаса, оған жауапты күтуге дайын болу керек. Мен оған қарсымын. Осы жаңалықты көрген, неше түрлі құтырған енелер одан сайын бөсіп кетеді. Жас келіндер соның кесірінен әбден қиналайын деп тұр. Мен үнсіз қалмаймын, мен бұған қарсымын. Ішкі киімді келін жумау керек. Ол тек өзінің, бала-шағасының, қаласа күйеуінің іш киімін жуу керек", - деді Диана Қырықбай.