Атағы жер жарған палуандар жинала бастады


Ұшақтан түскен бойда олар бірден фотостудияға жол тартты. Күні бойы суретке түсіп, тілшілермен дидарласты. Қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирінің басталуына екі күн қалғанын айта кетейік. Ұйымдастырушылар айтулы шараға сақадай саймыз деп отыр.Бүгін дайындықтарын тағы бір пысықтап алды. Сенбі күні шаршы алаңда 8 мемлекеттің 40-тан астам палуаны белдеспек. Бірінші орынды жеңіп алған команда 150 млн теңгені олжалайды.