деп мәлімдеді Қырғызстан СІМ министрі Эрлан Абдылдаев.
"Біздің аймақта президент айтатындай мәселелер бар, оларды бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы шешу керек", деді Э.Абдылдаев журналистерге.
Э.Абдылдаевтың айтуынша, Қырғызстан президенті орталық-азиялық аумақтағы жағдайды да сөз етпек.
Ол жиналыста Украинадағы жағдайға қатысты мәселелердің де қозғалуы ықтимал екендігін жоққа шығарған жоқ.
Э.Абдылдаев еске салып өткендей, Қырғызстан Украина алдына шыққан мәселелерді украиналық халықтың өзі шешуге тиіс, деген ұстанымда.