Атамбаев Қазақстанмен арадағы шекара жуық арада ашылады, деген үмітте


Бұл туралы А.Атамбаев дүйсенбіде журналистермен кездескенде мәлімдеді.
Сонымен қатар ол фито-санитарлық және ветеринарлық талаптар туралы айтып отырған қазақстандық әріптестерімізді де түсінуіміз керек, деп атап өтті.
А.Атамбаевтың айтуынша, Қазақстан президенті Қазақстанмен арада шекараның ашылуы туралы мәселе бойынша Қырғызстанды қолдап отыр. «Әрине, шекара ашылады» ,деді ол.
Қырғызстан ЕАЭО қосылу туралы келісімшартқа 2014 жылы 23 желтоқсанда қол қойды. Биыл 8 мамыр күні қорытынды хаттамаға қол қойылған, сосын құжаттарды Қазақстаннан басқа қатысушы елдердің парламенттері ратификациялады және мемлекет басшылары қол қойды.