Атамбаев Қырғызстан премьері мен үкіметінің отставкасын қабыл алды


Жарлыққа орай, жаңа үкімет құрылғанша, олар түгелдей өз орындарында уақытша міндет атқарушы ретінде жұмыс істейтін болады.
Жарлық қол қойылған кезден бастап күшіне енді.
Дж.Оторбаев бейсенбіде парламент отырысында отставкаға ерікті түрде кететіндігін мәлімдеген болатын.
Басқарушы коалиция оның орнына кандидатураны келесі аптада дайындайды деп күтілуде.