Атамбаев Қырғызстанда жаңа президент сайланған соң саясаттан кетпек ниетте


"Мен ізбасар дайындамаймын, президентті өзіне халық таңдасын», деді А.Атамбаев бейсенбіде баспасөз мәлихатында.
Оның айтуынша, Қырғызстанда 2017 жылы өтетін президент сайлауына дайындық басталып кеткен және бұл орынға келу үшін кез-келген ақша төлеуге дайын адамдар бар.
"Менен кейін кім келер екен, деп ойлаймын. Егер екі кандидаттың жиған дауысындағы айырмашылық азғантай болса, қан төгілуі ықтимал. Президентік орынға жету үшін адам өмірі, қан , ақша тігілмеуге тиіс», деді А. Атамбаев.
Қырғызстан президенті атап өткендей, өкілеттігі аяқталған соң ол не президент, не премьер-министр, не спикер болуды көздеп отырған жоқ.
"Екі жылдан аз уақыттан соң мен ұйқымды қандырып, кітап оқысам деймін. Пианинода ойнауды армандаған едім. Мен үшін елім қымбат, бірақ мен жаңа тұлғалар тыныш жұмыс істеуі үшін биліктен барынша қашық болуға тырысамын», деді А.Атамбаев.