Атамбаев тергеу изоляторында әйелімен кездесті

Бұл туралы адвокат Сергей Слесарев хабарлады. Бұған дейін әйел тергеушіге күйеуімен кездесуді сұраған. Өтінін қанағаттандырылдыы.

Қорғаушының сөзіне қарағанда, басқа туыстар мұндай тілек білдірмеген. Сергей Слесарев ерлі-зайыптылардың әңгімелесу тақырыбын және олардың кездесудің ұзақтығын білмейтінін атап өтті.

«Бірақ менің қорғауымдағы адамым қамауда ұстау жағдайлары қанағаттанарлық деп санайды. Маған қосымша өтініштер айтқан жоқ», - деді адвокат.

Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев Қой-Таш ауылында орналасқан резиденциясында екінші шабуыл кезінде ұсталған болатын. Бұл 8 тамызда болды. Осыдан бір күн бұрын жасалған алғашқы әрекет оң нәтиже бермеді.