"Атамекен" одағы болашақта саяси партияға айналу мүмкіндігін бірлестік өкілдері жоққа шығармайды

"Атамекен" одағының атқарушы директоры Серік Ахметовтың бүгін, 8-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдегеніндей, "егер одақ мүшелерінің арасында келешекте саяси партия құру туралы мәселе көтеріле қалса, онда оның іске асырылу мүмкіндігі зор".