"Атамекен" одағы мен Қазақстанның Азаматтық альянсы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандум мәтінінде атап көрсетілгеніндей, тараптар Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жолын қолдайтынын мәлімдей отырып, тараптардың ынтымақтастығы мен бірлестіктің негізгі мақсаты - азаматтық қоғам және отандық бизнес-қоғамдастығының мәселелерін талқылау және оған зерттеу жүргізу, әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық мемлекеттік бағдарламаларды өзара үйлестіре жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлік пен азаматтық қоғамды дамыту мәселесіне қатысты бар заңнаманы жетілдіруге атсалысу.