"Атамекен" одағы Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына қосылды

Бұл шешім өткен сәрсенбіде "Атамекен" съезінде қабылданды, деп хабарлады бейсенбіде Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының баспасөз қызметінен.

Съезді аша отырып, "Атамекен одағы" төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев атап өткендей, "съезде "Атамекен" мүшелеріне палата үшін өміршең маңызды шешім қабылдау тура келіп отыр".

"Атамекен" одағы елдің бизнес-қоғамдастығын шоғырландыру жөніндегі тарихи миссиясын орындап шықты, Кәсіпкерлер ұлттық палатасының құрылуына орай біз Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына қосылу арқылы"Атамекен" одағын қайта құру мәселесін қойып отырмыз", деді ол, оның сөздері баспасөз хабарламасында келтірілген.

Ол атап өткендей, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасын құруда және оның жұмысында "Атамекен" жүргізген қызмет сабақтастығы сақталған.

Съезд делегаттары Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына қосылуды бірауыздан мақұлдады.


Съезді қорыта келе Т.Құлыбаев атап өткендей,тұтас алғанда Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының жұмысы "Атамекенмен" үйлес,сол себепті Ұлттық палата оның атауын "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде өзгерту туралы ұсыныс жасайтын болады.

"Атамекен"одағы 2005 жылы құрылған, оның мақсаты бизнес-қоғамдастықты біріктіру болатын.

2013 жылы шілде айында "Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы" туралы заң қабылданған, қыркүйек айында "Атамекен" одағы үкіметпен бірлесіп кәсіпкерліктің бүкіл субъектілері міндетті мүше болуы негізінде құрылған Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының тең құрылтайшысы болды. Қазіргі уақытта оған кәсіпкерлердің 1,6 млн субъектісі мүше.