Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Киік" АҚ президенті, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының тауар өндірушілері қауымдастығының президенті Серік Тұржанов "Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
"Павлодар машина жасау зауыты" АҚ президенті және Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығымен бірге "Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасының Павлодар облыстық бөлімшесінің директоры болып Леонид Белогривый тағайындалды.
Сонымен бірге, "А-Инвест" шағын несиелі ұйымының басқарушы директоры Нұржан Қадыр "Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасының Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің директоры қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Асқар Садықов "Ахсель - Қазақстан" компаниясы кеңесінің төрағасы қызметін "Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасының Ақтөбе облыстық бөлімшесінің директоры қызметімен қоса атқаратын болды.