"Атамекен" Қазақстанда жаңа тексеруші органдарды тудыратын бірқатар заң жобаларын парламенттен қайтарып алуды талап етуде

"Мемлекет басшысы өз Жолдауында әртүрлі мемлекеттік органдардың тексерулері кәсіпкерлер үшін нағыз нәубетке айналды деп атап көрсеткен болатын. Осы салада тәртіп орнатқанша мораторий жарияланған", - деп еске салды А. Перуашев.

"Біз жақында Индустрия және сауда министрлігіне бірқатар ұсыныстар жолдадық. Атап айтқанда, үкіметтен жаңа тексеруші органдарды құруды және кәсіпкерлерге жаңа тексерулер жүргізуді қарастыратын заң жобаларын парламенттен қайтарып алуға кеңес бердік", - деп толықтырды ол.

"Себебі, президент жолдауынан кейін, тексеруге мораторий жарияланғаннан кейін Индустрия және сауда министрлігі жаңа тексеруші органдардың және тексерудің жаңа түрлерінің пайда болуын қарастыратын үш жаңа заң жобасын енгізді", - деп түсіндірді Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы. Дегенмен де ол мәселе нақты қандай заң жобалары жөнінде болып жатқанын ашып айтпады.