"Атандым жаяу Төреш": Төреғали Төреәлінің көлік жүргізу куәлігін қайтарып алғаны рас па

Кейінгі кезде ел арасында өнер иесінің көлік жүргізу куәлігін қайтарып алғаны туралы алып-қашпа әңгімелер көбейіп кеткен еді. Бұл әңгімелерге өнер иесінің өзі жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында әзіл-шыны аралас видео жариялады.

"Әй, ақ Төреш, аппақ Төреш

Ешкімнің мәшинесі қызық емес,

Правам жеті жылға кетіп қалып,

Атандым сол себепті жаяу Төреш", - дейді ол.

Желі қолданушылары мен әншінің өнердегі достары видеоға түрлі пікір қалдыруда.

"Сенің праваңды қайтарсын деп петиция жариялайық", "Бастысы, тыныш жүрші", "Такси аман болсын", "Жаяу жүрген пайдалы", "Полиция қызметкерлеріне арнап ән жазып ең ғой, сонда да қайтармады ма", - деп жазды олар.