Атақты "Бавария" жаңа маусымды сәтсіз бастады

Жанкүйерлер  бүгінгі матчтан аса шиеленісті және тартысқа   толы ойын күткен еді.  Бірақ көпшілік асыға күткен бәсеке мүлдем басқаша шықты. Мундиальдан кейін жөндеп тынығып үлгермеген   Мюллер, Нойер,  Боатенг және Ламм, қазір спорттық бабыенда емес.  Олар  осы бәсекеде  қарсы қақпаға бары-жоғы төрт рет соққы жасады.  Есесіне боруссиялық футболшылар  чемпиондарды барлық көрсеткіш жағынан басып озды. Алғашқы допты  Генрих Мхитарян соқса,  екінші таймның ортасында   аладопты баспен шегедей қадаған Обемейанг  ойынға нүкте қойды.       

Жүз жылдық тарихы бар аргентиналық  «Сан -Лоренсо» клубы тұңғыш рет  Либертодорес кубогының иегері атанды. Олар екі кездесу нәтижесі бойынша парагвайлық «Насьональдан» басым түсті.

Парагвай астанасы Асунсьонда өткен алғашқы ойында қарсыластар  1:1 есебімен  тең ойнады. Ал   Буэнос –Айрестегі  қарымта матчтың тағдырын жалғыз доп шешіп кетті.  Бұл голды кездесудің 35- минутында он бір метрлік айып добын дәл орындаған Нестор Ортигоса салды.  Енді аргентиналық команда клубаралық әлем чемпионатында өнер көрсететін болады.


Теннистен Цинциннатиде өтіп жатқан байрақты бәсекеде Роджер Федерер тарихи жеңіске жетті. Екінші айналымда швейцариялық шебер канадалық Васек Поспешилмен кездескен болатын.

Үш сетке жалғасқан тартысты бәсекеде 7:6, 5:7, 6:2 есебімен Роджер Федерер жеңіске жетті. Бұл 33 жастағы спортшының «Мастерс» сериясындағы турнирлардағы 300-ші жеңісі. Ол мұндай көрсеткішке жеткен түңғыш тенисші екендігін айта кетейік. Роджер «Үлкен Дулыға» аясындағы турнирларда 17 рет топ жарған теңдесіз спортшы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.         

Бүгінге осы! Спортпен шұғылданып сергек жүрейік!