Атақты боксшылар С.Сәпиев пен Г.Головкин Орал қаласына келді

Бүгін даңқты боксшыларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесуде спорттың, соның ішінде бокстың өзекті мәселелері сөз болды. Қазақ боксының одан әрі өрістей түсуі үшін С.Сәпиев пен Г.Головкиндей бірегей тұлғалардың үлгісі өлшеусіз. Бұл ретте бокстың ел аймақтарында, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында қанат жая беруі үшін кейінгі жастарды дұрыс жолға бағыттап, баптай білудің маңызы зор.


Бүгін Ата заң құрметіне Оралда бокстан Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары құрамаларының жолдастық кездесуі өтеді. Оған құрметті қонақ ретінде С.Сәпиев пен Г.Головкин қатысады.