Қанды соғыс тақырыбы қайта оралды. Брэд Питт бастаған танкішілер соғыс даласында. Айналаның бәрі толған мәйіт, кісі қаны. Фашистер әуеден де, жерден де атқылап жатыр.
-Мен танк ішінде болып көрмеппін. Көрмесең көресің.
Әлі 16-ға толмаған бала да соғыста. Қару ұстап жауға қарсы тұрған. Әскери экшн фашистердің құрсауында қалған бес жауынгердің батырлығы жайлы баяндайды. Ешбір боямасыз. Бәрі соғыстағыдай. Шынайы, әрі қорқынышты.
-Сұмдық. Қорқынышты
Киногерлер түсірілімде кәдімгі әскери қару-жарақты қолданған. Ал актерлер танк айдауды жарты жыл бойы үйреніпті. Командир рөліндегі Брэд Питт те фильмге түспес бұрын Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мағлұматтарды жан-жақты танысқан.
Америка жауынгерлерінің Берлин түбінде бастан өткерген жантүршігерлік оқиғаларын білгіңіз келсе, ендеше кинотеатрларға асығыңыз. Брэд Питтің қасында тірі қалған небәрі 5 сарбаздың жаудың қалың қолымен ақтық айқасын өз көзіңізбен көріңіз. Соғыстың сұсты көріністеріне толы фильмді елімізге «Сони» және «Дисней» студияларының ресми өкілі «Меломан» компаниясы әкелгенін айта кетейік.
- Олар келе жатыр
- Қанша?
- 300
-Бесеуіміз оларға қалай төтеп береміз? Ақылыңнан алжастың ба?
- Бұл өмірдің соңы емес.
- Ат