Шамғон Сағаддинұлы 1927 жылы 15 маусымда Бөкей ордасына қарасты Ұялы аулында дүниеге келген. Әке-шешесі дүниеден ерте озып, бала Шамғон жетімдер үйінде өскен. Жастайынан қара домбыраға ауған әуестігі оны 50-ші жылыАлматыға жетелеп Құрманғазы атындағы консерваторияға түсірген. Халық аспаптары сыныбында оқып опера-симфония дирижері мамандығын игерген. Еңбек жолын оркестрде домбырашы болып бастағанымен, кейін дирижерлікке түбегейлі бет бұрды. 88-ші жылы Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестрі осы кісінің жетекшілігімен құрылған. Дирижермен қоштасу рәсімі ертең Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында таңғы сағат 9-да басталады.
Меруерт Қ
аленбаева, қобызшы, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
- Енді біз Шәкеңді айтқанда Құрманғазы оркестрін міндетті түрде қосып айтамыз. Ол - Құрманғазы оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры болып тұрған кезінде оркестр үлкен-үлкен жетістіктерге жетті.Өте қатты қайғырамын. Өз басым, біздің консерватория. Осындай үлкен, ұлы музыкантты жоғалтқанымызға
Loading...