«Samsung» әдеттегідей техникадағы соңғы жетістіктері қойылған көрмесін биыл да ұйымдастырды. Тек бұл жолы тың өнімдерімен танысуға бірінші ТМД елдеріндегі серіктестері мен журналистерді шақырыпты.
- Жалпы «Самсунг» бұл жолғы көрмеге 500-ге жуық өнімін қойған. Әрине, барлығының да өзіндік тың жаңалығы бар. Соның бірі «Mobil-print” жиынтығы. Кез-келген кеңсе жұмысын мейілінше жеңілдетуге негізделген. Мәселен, мына принтер компьютерге «сымсыз» қосылып, қалағаныңызша құжаттың көшірмесін шығаруға қауқарлы.
Осылайша «Samsung» биыл басымдықты кеңсе қызметіне беріпті. Әсіресе, баспа мен банк жұмысын мейлінше жеңілдете түскендей. Яғни қағазбастылықтан арылтады. Принтер тікелей планшетке немесе телефонға да жалғанған.
Гаджетпен мұндағы кез-келген техниканы басқаруға болады. Солардың бірі - «Chef-collection» деп аталатын мына ас үй жиынтығы. Интернетке жалғанған жиһаз тағамды дәл мейрамханадағыдай әзірлеп береді. Оны жасақтауға әлемге танымал 7 аспаз қатыстырылған екен. Ал қысқа толқынды пеш енді асты жылытып қана қоймай, оны толық пісіруге де қолайлы. Телефонның тетігін бассаңыз, мына шаңсорғыштың да қызметі қызықты бола түспек.
Мұрат Мұтырғанов, шоумен:
- Менің анам осындай гаджетпен басқарылатын құралдарды қатты ұнатады. Міндетті түрде жаңасы шығысымен аламыз. Бұл жағынан енді «Samsung» озып тұр. Сондықтан мен де форумнан қалмай келдім. «Анама алып беремін» деп бірнеше техниканы таңдап қойдым. Енді олардың сатылымға шығуын күтеміз.
Әрине, бұдан бөлек көрмеден былтырғы тауарлардың да жетілдірілген біраз легі қойылған. Мәселен, 2014 жылдың басты жаңалығы болған мына иілмелі экранды теледидар. Түсі анағұрлым қанығырақ, дыбысы жарқынырақ. Оған «саунд-бар» атты құрылғыны қоссаңыз, тіптен кинотеатрда отырғандай әсер аласыз.
Алиса Беспалова, «Samsung Electronics » компаниясының Орта Азия елдері бойынша PR-менеджері:
-Бұл жолы бізде жаңалық өте көп. Оны қазақстандық тұтынушылар жоғары бағалайды деп ойлаймыз. Шынында да «Samsung» әрдайым бірінші болуға ұмытылады, бірінші болып та келеді.Мақсатымыз - әрбір адымның өмірін мейлінше жайлы ету.
Көрмеге қойылған бұл тауарларды алдағы көктемнен бастап сатып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, таяу күндері «Samsung» тағы тың өнімінің ресми тұсауын кесуге дайындық үстінде.
Loading...