Атақты маэстро Марат Бисенғалиев Қазақстан үкіметіне ренжулі

Естеріңізге салсақ, осы айдың басында облыс басшылығы 2003 жылы құрылған оркестрдің жылына 40 миллион теңгеден астам қаржы шығындап жатқанын айтып, оны жабатындарын мәлімдеген еді. Алайда “бар-жоғы 20 музыкантқа 25 мың теңгеден ғана жалақы бөлінеді”  деген шығармашылық ұжымның жетекшілері атқамінерлердің сөзін жоққа шығарған. Қалай болғанда да, оркестр жабылып тынды. Ал Марат Бисенғалиев «бұл - көре алмаушылардың астыртын әрекеті»деген ойда. Ол өзі жасақтаған ұжымды жұмыссыз қалдырмайтынын айтты. Жақында Үндістан билігінің арнайы шақыртуымен,ол онда тағы бір филармониялық оркестрді құрып жатыр екен. Айтуынша, музыканттары сонда жұмыстарын жалғастыратын болады. Ал Қазақстан үкіметіне ол ренжулі.           


Марат Бисенғалиев, Орал филармониялық оркесторының жетекшісі:

- Уақытымды босқа кетіргім келмейді. Жарайды, Қазақстанға оркестр керек емес болса, онда - келістік. Бірақ,бұл шығармашылық ұжым үшін аянып қалмаған едім. Барлық жерде үздік болдық. Өздері білсін. Менің өзге де жобаларым жетерлік.