Қараңғыда отырып қорқынышты фильм көруді ұнататындар үшін жағымды жаңалық. Еліміздің барлық кинотеатрларында «Бізді жыннан құтқара гөр» деген кинотуынды көрсетіле бастады.
Мистикалық трейлер жанрындағы фильмнің желісі бойынша полиция қызметкері Сарчи мен оның серігі Батлертүнгі кезекшілігі барысында күтпеген жәйттерге тап болады. Олар бұрын-соңды мұндайды көрмеген.
Істі тергеу барысында бас кейіпкер шіркеу қызметкерінің көмегімен адамдардың бойына жын-шайтан енгенін анықтайды. Оларды аластатып, қала тұрғындарын құтқару Сарчиге қиын соғады. Себебі, оның кішкентай қызына да жындар қауіп төндіреді.
Көргенде зәрені алатын кинотуындыны елімізге таратушы «Меломен» компаниясы екенін айта кетейік. Ондағылар бұның керемет фильм екеніне сенімді.
Нариман Әбиев, «Меломен» компаниясының жетекші маманы:
- Фильм өте қорқынышты әрі қызықты. Сапасы, дыбысы бәрі керемет. Көрсеңіз әсері ұзаққа сақталары сөзсіз.
Жаңа үрейлі фильм осы жаздың ең қорқынышты кинокартинасы болмақ. Сондықтан оны 16 жастан асқандар ғана көре алады.