Атақты Роза Рымбаева Семей әкімінен көрген қорлығы жайында айтты


Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева Семей әкімінен бес жыл бойы қысастық көргенін айтты. Туған жеріне концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған, деп хабарлайды КТК.

- Осыны сахнада айтамын деп  бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді.

Сахнадан айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін Семейге келтірмей қойыпты. Бұл туралы Роза Қуанышқызы осы өңірдегі концерті кезінде айтып берді. Бірақ, нақты қай шенді екенін атын атап, түсін түстемеді. Десе де, сол атқамінердің кесірінен халықтың сүйіктісі Семей өңіріне гастроль түгілі, тіпті қыдырып та келе алмағанын айтуда. Тек әкім ауысқан соң ғана араға бес жыл салып барып туған жеріне жеткен. Жалпы, өнер адамдары шенеуніктерден жиі қысастық көреді екен.