Атақты «Шахтер» ойыншылары жалақысыз жүр

 «Шахтердің» бір жылға жоспарланған бюджеті 2 миллиард 400 миллион теңгені құрайды. Алайда осы жылдың маусым айына дейін бөлінген 1 миллиард 300 миллион теңге таусылып, клуб қаражаттан қысыла бастады. Мамандар бұған инфляцияның да әсері айтарлықтай болғанын жасырмайды. Тамыз айында футболшылардың жалақысы екі ай кешігіп, бюджеттен 400 миллион теңге бөлінгесін ғана өтелген. Осы ретте айта кетейік, «Шахтердің» әр ойыншысының бір айлық еңбекақысы шамамен 15-тен 30 мың долларға дейін жетеді. Футбол клубы енді жылды қарызсыз аяқтау үшін теңге сұрап, облыстық бюджетке жалтақтап отыр.


Ерден Халилин, «Шахтер» ФК атқарушы директоры:

-Әлемдегі дағдарыс , экономикалық қаржы дағдарысы бізге де әсерін тигізіп жатқанын сезіп тұрмыз. Бірақ футболшылар келісім  бойынша қойылған ақшаларын алады