Атақты Смановтар әулетінің тағы бір адамы мезгілсіз дүниеден озды

Бұл туралы Азамат TV Youtube арнасы хабарлады, деп жазды qamshy.kz

Сманов Закария Әбдіжаппарұлы "Таяқты Ишан" мешітінің имамы болған.

"Құрметті жамағат! Бүгін Әбдіжаппар Сманов ағамыздың ұлы Закария мезгілсіз дүниеден озуына байланысты отбасына, туған туыстарына көңіл айтамыз. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың қиындығына байланысты жаназа намазына халықтың көп жиналмауға шақырамыз",- делінген видео сипаттамасында.