Атасынан қалған ғажайып қаруды ақшаға сатты


Бұл қаруды Кеңес жауынгерлері соғыс кезінде күрек ретінде де пайдаланыпты. Ал сабына тіреп тігінен қойғанда, шағын миноатқышқа айналады. Атасынан қалған бұл дүниені Пресновка ауылының тұрғыны 70 жылдай сарайында сақтаған. Кез-келген мұражайға жәдігер болуға жарайтын затты ол тәртіп сақшыларына ақшаға өткізді. Қазір қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына қарай миноатқыштың құны да  анықталмақ.