Белгілі болғандай, түрік аспазы онда мейрамхана ашпақ екен.
«Әзірет Сұлтанды кітаптан оқыдым, алайда бірінші рет көруім. Түркістан біздің ата-жұртымыз. Бешбармақ жедік, өте дәмді болды. Түркістанда мейрамхана ашу – мен үшін үлкен мақтаныш», - деді ол.
Көпшілік аспаздың жылы ниетіне разы болған. Олар: «Қазақстанға қош келдің бауырым», «Ниетіңізге рахмет», «Мейрамхана ашсаңыз, тек риза боламыз, ісіңізге бере берсін» деп жазды олар.