Атбасар қаласында граната табылды

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жарылғыш зат Атбасар қаласының Крупская көшесі бойындағы тұрғын үй маңынан табылған. Тексеріс барысында оның оқу-жаттығу үшін қолданылатын граната (Ф-1-1шт.) екені анықталды.

Гранатаны полиция қызметкерлері зарарсыздандыру  үшін өздерімен бірге алып кетті», - делінген хабарламада.