Атбасар қаласында суда қалған үйлердің саны 330-ға жетті


ТЖД мәліметі бойынша, түнде өзен суы тағы бірнеше есе көтеріліп, 8 кешенің бойындағы 330 үй топан судың астында қалды. Қаланың батыс жағындағы су жіберу арнасы өзеннен ағып келіп жатқан суды өткізіп үлгермей жатыр. Осыған байланысты су ағысына бөгет болған жол төсенділерін қопарып алып тастауға тура келді. Нәтижесінде су сәл де болса қайта бастады. Дегенмен, қауіптің беті әлі сейілген жоқ.