Атбасар тұрғындары мемлекет бөлген өтемақыдан бас тартуға мәжбүр

- Күзетшілері жібермейді. Ол министр ма еді ?

Топан судан зардап шегіп, барар жер басар тауы қалмай сабылып жүргенде Атбасарға жаңа басшы тағайындалған. Осыдан бір жақсылықболар деп үміттеніп қалған жұрт енді әкімніңесігінен де сығалай алмай жүр. Жаз өтіп қара күз жақындаған сайын не істерін білмей басы қатқан жұрт тіпті көмек сұраудан да шаршаған. Көпшілігі қолдан келгенше жөндеу жасап амалдаса, қолы қысқалары сарайда тұрып жатыр.    

Күләш Фоминова, Атбасар қаласының тұрғыны:

- Енді қайда барамыз? Гаражда тұрып жатырмыз. Денсаулығым жоқ. Күнде жылаймын. Үйіміздің шаңырағы ортасына түсті. Кім білген, өткен жылы су да тартып қойдық. Бізге берілетін үйлер әлі салынып жатыр. Қысқа дейін үлгерсе екен деп тілеп отырмыз.

Көктемгі су тасқынында 207 шаңырақ ортасына түсіп, 300-ге жуық үй бүлінген. Дүние-мүлік жарамсыз боп қалып, белшеден сазға бөккен үйлердің шығыны есептеліп, гуманитарлық көмекті айтпағанда, мемлекеттен тек күрделі жөндеу жұмыстарына 130 миллион  теңге бөлінген. Бірақ жұрт жаз бойы күткен сол қаржының әзірге 30 пайызы ғана берілетін болған. Осылай жырымдап беретініне ашынғандар одан бас тартып жатыр.

- Құм төсее де, ақша берсе де қайтар дейді. Бұл мемлекеттің ақшасы емес пе? Оны неге бөліске салады?


Галина Колочева, Атбасар қаласының тұрғыны:

- Алғашқыда 46 мың теңге алғанбыз, сонымен бітті. Қазіргі 30 пайыз көмектен бас тарттық. Оның 12 пайызын салыққа ұстап қалады екен. Сондай көмек бола  ма? Мынау келісім-шартты оқысаңыз, түк түсінбейсіз. Алғашқыда өздері жөндемек болған, енді біз жөндеп есеп беруіміз керек.

Тұрғындар әкімдіктегілердің халықпен қоян-қолтық жұмыс істей алмайтынын айтуда. Ал атқамінерлер үй- күйсіз басы қатқан жұрттың өздерін кінәлап отыр.

Ержан Қамбатыров, «Атбасар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» МҚК директоры:

Жиын  болғанда тәртіп болу керек қой. Кісілер арақішіп, мас болып келеді. Төбелес. Бізге сөз айтып, аузымызды ашқызбайды

Атбасарда үйсіз қалған отбасылар үшін салынып жатқан  көпқабатты үйлердің құрылысы желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. 4 үйдің бірінің әзірге қазығы ғана қағылған. Сол жаққа қарайлап, әркімнің үйін паналап жүрген тұрғындар болса, балаларымыз да биылғы жаңа оқу жылына дайын емес