Марқұм Павлодардың тумасы екен. Ақмола облысына астық әкеліп сатыпты. Қарақшыларға кәсіпкердің қалтасында қомақты қаржы барын әлдебіреулер хабарласа керек. Атбасардан шыға бере тасалау тұста көлігін тоқтатып, тонамақ болған. Алайда айтылған 12 млн теңгені таппай, ақыры сол жерде 43 жастағы азаматқа бірнеше мәрте оқ атыпты. Қаскөйлер де алысқа ұзай алған жоқ. 26 және 28 жастағы Астана мен Көкшетау тұрғындары қазір қамауда отыр.