Атбасарда "Ваз" көлігі дүкенге кіріп кеткен, екі адам зардап шекті

Ақмола облысында Атбасар қаласында ресейлік нөмірі бар "Ваз 21102" көлігі құрылыс дүкеніне кіріп кеткен, жүргізуші мен ондағы жолаушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады облыстық полициядан.


Ақпаратқа қарағанда, көліктің 25 жастағы жүргізушісі Шәріпов көшесінде бұрылатын жерде көлікке ие бола алмай, дүкенге кіріп кеткен.
Апат салдарынан жарақат алған 44 жастағы жолаушы Атбасар аудандық ауруханасының реанимациялық бөлімшесіне жатқызылды.
Бұл факті бойынша тексеру жүргізілуде, жүргізушінің қаны құрамында алкогольдің бар-жоқтығы тексерілуде, деді полициядан.