Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен қырық бес отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

«Бүгін таңертең Ақмола облысы әкімдігінің табиғи зілзала салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде салынған 45 пәтерлі үйдің кілтін тапсыру салтанаты болып өтті», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалпы құны 331 млн теңгені құрайтын көп пәтерлі үй құрылысы биыл сәуір айында басталған.

Облыстық әкімдік мәлімдегендей, 30 қазанға шаққанда жаңа пәтер кілті 74 отбасына табыс етілді, 135 отбасына биыл қараша-желтоқсанда үй беріледі. Осы мақсатта 45 пәтерлі тағы үш үй салынуда.


Шамамен отыз мың адам тұратын Атбасар Жабай өзенінің оң жағалауында орналасқан.