Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Атбасардағы төтенше жағдай салдарын жою барысында 352 үйдің 327-сі толық қалпына келтірілді. 25 үй немесе жалпы қалпына келтірілетін үйлердің 7 пайызын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тасқыннан зақымданған үйлерді қалпына келтіруге мемлекеттік бюджеттен 129,4 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 113,6 миллион теңгесі бүгінде толық игерілді.